Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.edu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
2 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МАТЕМАТИКА МЕН ХИМИЯ ПӘНДЕРІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ - БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ЖЕТІЛДІРУ ҚҰРАЛЫМақалада колледждер мен мектептердегі орта білім деңгейіндегі химия мен математика пәнінің өзара байланысының мүмкіндігі қарастырылады. Пәнаралық қатынастар мектеп математикасының пайдасы мен қолданылуын түсінудің негізгі аспектілерінің бірі болып табылады. Бұл зерттеу қазіргі қоғамдағы белгілі бір мамандық үшін қажетті математикалық білімді оқытудың тиімділігін, оны қолдана білуді, экономикалық, нарықтық қатынастарды түсінуді, жаңаша ойлауды, саяси жағдайы, мәдениетті және тұлғаны қалыптастыруды дамытуды көрсетеді. Басқа пәндер арасындағы байланысты және олардың қазіргі оқытудағы рөлін ескере отырып, математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мүмкіндігі анықталады. Мектеп математика курсындағы пәнаралық байланыстарды зерттеу білімді терең игеруге, ғылыми көзқарасты, материалдық дүниенің бірлігін, табиғат пен қоғамдағы құбылыстардың өзара байланысын қалыптастырады. Демек, пәнаралық байланыстың күнделікті өмірде өте үлкен тәрбиелік мәні бар. Сонымен қатар оқушылардың ғылыми білімі мен біліктіліктерін жоғарылатып, шығармашылық қабілеттерін және логикалық ойлау деңгейін арттыратыны сөзсіз. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру берілген тақырыпты жан-жақты қарауға бағыттайды, уақыт үнемдейді және оқушылардың ғылымға деген қызығушылықтарын дамытуға қолайлы жағдайлар жасайды. Математика күнделікті тұрмыс тіршілікте,көптеген кәсіби салаларға өте өзекті ғылым екені баршамызға мәлім. Оқушылардың өмірге деген көзқарастарын нығайту математикалық білім беруде ерекше орын алады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Биспидин синтезін талдау мысалында органикалық синтездердің студенттердің зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудағы педагогикалық әлеуетін теориялық негіздеуАлғышарттар мен мақсат. Жоғары білім беру жүйесінде студенттердің зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру кәсіби даярлық сапасының маңызды көрсеткіші болып табылады. Педагогикалық әдебиеттерде зерттеуге негізделген оқыту көбіне жалпы әдістемелік деңгейде қарастырылып, нақты органикалық синтездердің құрылымдық ерекшеліктері мен олардың педагогикалық әлеуеті жүйелі түрде талданбайды. Осыған байланысты зерттеудің мақсаты – органикалық синтездердің студенттердің зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудағы педагогикалық әлеуетін теориялық тұрғыдан жүйелеу және оны биспидин синтезін талдау мысалында көрсету. Материалдар мен әдістер. Зерттеу жүйеленген әдеби шолу және теориялық талдау негізінде жүргізілді. 2015-2025 жылдар аралығында Scopus, Web of Science және Google Scholar дерекқорларында жарияланған еңбектер іріктелді. Талдау мазмұндық және құрылымдық-салыстырмалы әдістер арқылы жүзеге асырылды. Нәтижелер. Зерттеу нәтижесінде зерттеушілік дағдылардың когнитивтік, операциялық және рефлексиялық компоненттерін қамтитын құрылымдық модель әзірленді және олар нақты оқу әрекеттері мен бағалау дескрипторлары арқылы операционалданды. Ұсынылған критерийлер негізінде биспидин синтезі талданып, оның көпсатылы және механизмдік күрделі құрылымы зерттеушілік әрекеттің толық циклін іске асыруға мүмкіндік беретіні көрсетілді. Қорытынды. Органикалық синтездерді педагогикалық тұрғыдан саралаудың теориялық моделі ұсынылды. Биспидин синтезі зерттеушілік дағдыларды модельдеуге қолайлы пәндік мысал ретінде негізделді. Ұсынылған тәсіл зертханалық сабақтарды проблемалық-ізденістік форматта ұйымдастыруға әдіснамалық негіз бола алады және эмпирикалық тексеруді талап етеді.
